Кітаптардың үйі

«Северный» кітапхана-филиалына 22 ОМ жазғы лагерінің балалары таныстыру экскурсиясымен келді. Экскурсия бағдарламасы өте қызықты болды және кітапхана құрылымымен танысуды, викторинаға қатысуды және сүйікті мультфильмдерді көруді қамтыды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында оқушылардың назарына балаларға арналған жаңа түсімдерге шолу ұсынылды. Толықтырылған шындығы бар 4D кітаптар балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Балалардың қуанышы мен таңдануында шек болған жоқ! Бұл, әрине, бізді, кітапханашыларды бей – жай қалдырмады: міне, ол – ағартушы, жарқын, түрлі-түсті, заманауи цифрлық нұсқада кітап-телефондар мен гаджеттерге тамаша балама!