Тоғызқұмалақ ойыны

«Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз!» үйірме мүшелеріне арнап, «Тоғызқұмалақ ойыны» ойын өткізді. Жүргізуші үйірме мүшелеріне тоғызқұмалақ қазақ дәстүрлі ойынымен және оның тарихымен таныстырды. Балалар ойын ережелерімен танысып, қуана ойнады.
Отырыс ынта-жігермен өтті, балалар математикалық іс-әрекетте өз білімдерін көрсетті және тапқырлық танытты.