Қазақтың жаны

4 шілдеде «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кітапхана оқырмандары үшін Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазақ жаны» мерекелік ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар қазақ халық аспабы – домбыраның тарихын білді. «Домбыра туралы аңыз» бейнеролигін қарады. Бұдан әрі қазақ композиторлары мен әншілері домбыра өнерінің ұлы классиктері туралы кітаптар көрсетілді, күйлерін тыңдап, домбыра туралы өлеңдер оқыды.
Іс-шара соңында балалар «Сиқырлы домбыра» тақырыптық сөресінің материалдарымен танысты.