Астана – ақиқатқа айналған арман

2024 жылғы 4 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалында Астана күні мерекесі қарсаңында кітапхананың жас оқырмандары үшін «Астана – ақиқатқа айналған арман» бейне-экскурсиясы өтті. Кітапханашы Қазақстанның елордасы Астананың құрылу тарихына тоқталып, оның көрікті жерлері жайлы айтып берді. Шара барысында «Елорданың көрікті жерлері» атты бейнеролик көрсетілді. Балалар Астана туралы өлеңдер оқыды, көрікті жерлер туралы мозаика құрастырды, елорданың туған күніне тілектер мен құттықтаулар жазды. Шара соңында балалар «Астана – арман қала» тақырыптық сөресімен танысты.