Еуразия жүрегі – Астана

2024 жылғы 4 шілдеде «Узкоколейный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кіші және орта жастағы балалар үшін «Еуразия жүрегі – Астана» атты іс-шарасын өткізді.
Іс-шара басында кітапханашы балаларға елордамыздың көріністері бар альбомды ұсынды. Іс-шара барысында балаларға Астананың тарихы, мәдениеті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жас елорданың дамуы мен құрылысына үлес қосқан адамдар туралы түрлі сұрақтар қойылды.
Сонында балалар Астана туралы өлеңдер оқыды. Іс-шараға «Астана – Қазақстанның басты қаласы» атты көрмесі дайындалды.