Астана – бейбітшілік пен арман қаласы

Астана күні мерекесі қарсаңында «Северный» кітапхана-филиалында «Астана – бейбітшілік пен арман қаласы» атты ақпараттық сағаты өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.
Шара барысында кітапханашы балаларды қаламен таныстырды. Олар оның қалай салынғанын, онда қандай көрікті жерлер бар екенін білді. Викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, елордамыз туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында балалар «Астана – елорданың жүрегі» атты көрмесімен танысты.