Сағаттың пайда болу тарихы

10 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалында «Сағаттардың шығу тарихы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Балалар уақыт бойынша саяхат жасады: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі сағаттардың тарихы туралы білді. Күн, су, құм және от сағаттарымен, алғашқы механикалық сағаттардың пайда болуымен танысты. Соңында олар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, шығармашылық жұмыстарды орындады – «болашақ сағаттарын» құрды.