Табиғат. Экология. Өмір

«Северный» кітапхана филиалында ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі сарбаздарымен «Табиғат. Экология. Өмір» тақырыбы аясында ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу барысында әскери қызметтегі адамдардың экологиялық апаттар кезіндегі іс-әрекеттері, олардың алғы шепте жүрулері жайлы бейнеролик көрсетілді. Тақырыпқа байланысты Қазақстанның экологиялық проблемалары презентациясы таныстырылды. Кездесуде қоғам белсендісі, ерікті, эколог Манарбекова Малика өз тарапынан жаңаша мәліметтермен бөлісті. Сарбаздар экологияға өз септіктерін молынан тигізетіндерін мәлімдеді.