Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары аясында 18 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалында «Терроризм – адамзатқа қауіп» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.
Тақырыптық сөреде терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың принциптерін, мақсаттарын және құқықтық ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттары және Ч. Абдуллаевтың, Д. Корецкийдің еңбектері, «Діни радикализм мен терроризмді зерттеудің кейбір мәселелері туралы», «Қазақстан Республикасындағы киберкеңістіктегі терроризммен күрес мәселесі», т. б. мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар ұсынылған. «Террорлық акт қаупі кезіндегі халық пен лауазымды тұлғалардың алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері» атты жадынама дайындалды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырамыз.