Пушкиннің мәңгілік сөзі

«Пушкиннің мәңгілік сөзі» экскурсиясы барысында кітапханашы оқырмандарға А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет беріп өтті. Қатысушылар ақынның өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқыды. Әлем жазушыларының Пушкин туралы пікірлерімен танысты. Бейнеролик арқылы А. С. Пушкин ат. балалар кітапханасында орналасқан А. С. Пушкиннің музейімен танысты. Сонымен қатар «Пушкин – ұрпақтарымен мәңгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.