Кітап бульвары

«Жастар бульвары» саябағында Киевский кітапхана-филиалының қызметкерлері шағын аудан тұрғындарына «Кітап бульвары» акциясын өткізді. Кітапханашылардың сөзінен тұрғындар абонемент жұмысы, оқу залы, кітапхана қызметі мен өткізілетін іс-шаралар туралы білді. «Киевский» кітапхана-филиалына келіп түскен орыс және қазақ тілдеріндегі көркем әдебиет, поэзия, детектив және романдар қойылған. «Сізді соңғы кітаптарды қарауға шақырамыз» атты кітап көрмесі тұрғындарды ерекше қызықтырды.
Олардың ішінде: Шәмшібай Саралиев «Жүрегім қазақ елі», Шыңғыс Айтматов «Жан пида», Шерхан Мұртаза «Соғыстың әні жетісірі», Кәкімбек Салықов «Тарихтың тарланбозы». Орыс тілінде көркем әдебиеттер Т. Полякова «В самое сердце», П. Дашкова «Херувим», Александра Марининаның кітаптар сериясы сияқты авторлар ұсынылды.
Соңында кітапхана қызметкерлері ауданның жас тұрғындарын кітапханада жұмыс істейтін «Фантазия» үйірмесіне шақырды.