Жол ережесін есте сақта!

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Жол ережесін есте сақта!» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға қандай көлік құралдары бар екендігі туралы айтып берді. Балалар бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері нені білдіретінін қайталады. Қатысушылар жол белгілері туралы қызығушылықпен тыңдап, сүйікті ертегі кейіпкерлерін және олардың көлік құралдарын еске алды.
Қорытындысында балаларға жол қозғалысы ережелерін бекіту үшін викторина өткізілді.