Кітап жаңалықтарының калейдоскопы

2024 жылдың 1 тамызында «Строительный» кітапхана-филиалында «Кітап жаңалықтарының калейдоскопы» ақпарат күні отырысы өтті.
Қатысушылар «Біз бақытты баламыз» үйірмесінің мүшелері болды. Кітапханашы балаларға кітапхана қорына түскен жаңа кітаптар туралы айтып берді. Бұл кітаптар: М. Әлімбаев «Алақай, балақай», Н. Гейтман «Коралина», Г. Цыферов «Паровозик из Ромашково», «Рассказы русских писателей» және т. б. Қатысушылар кітапханашының әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, жаңа кітаптарды қарады.
Жаңалықтармен танысу қызықты әрі танымды өтті, барлығы үлкен әсер қалдырды!