«Абай – қазақтың бас ақыны»

10 тамыз ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 6697 әскери бөлімінде ақпараттық, танымдық кездесу өткізілді. Іс-шараға 1 атқыштар ротасы, материалдық қызмет қамтамасыз ету ротасының 190 сарбазы қатысты. Іс-шара барысында Абай жайлы айтылмаған сырлы ақиқат, шығармаларының тақырыптары мен идеялары, қазіргі ұрпағының бейнесұхбаты көрсетілді. Сарбаздар ақын өмірі жайлы сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Іс-шара «Абайдың есімі мәңгі өшпес» кітап көрмесімен танысумен аяқталды.