«Абай үні, Абай лебі»

10 тамызда «Западный» кітапхана-филиалында Абай күніне арналып «Еркем-ай» және «Буревестник» аула клубының балаларымен «Абай үні, Абай лебі» атты мәнерлеп оқуы өткізілді. Кітапханашы қатысушыларды осы мерекенің пайда болуы туралы айтып, ұлы ақын, ойшыл және композитордың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар «Әсемпаз болма әрнеге», «Жазғытұрым», «Қыс», «О казахи мои! Мой бедный народ», «Лето» өлеңдерін және Абайдың 14, 31 қара сөздерін мәнерлеп оқыды. «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін тыңдады. Іс-шара соңында «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалардың назарына ұлы ақынның еңбектері және «Абай Құнанбайұлының өлеңдері» 3D кітабы ұсынылды.