Асық ату ойыны

8 тамызда «Строительный» кітапхана-филиалында «Асық ату ойыны» атты жиын өтті. Қатысушылар «Біз бақытты баламыз!» үйірмесінің мүшелері болды. Олар ең көне әрі таңғажайып ойын асық атудың ережелері мен тәсілдерін үйренді. Ойын барысында балалардың ептілігі, дәлдігі мен лақтыру дәлдігі дамыды.