«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері үшін оқу күнін өткізді.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері қазақ поэзиясының асқар шыңы, ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармалары асыл мұра екенін атап өтті.
Іс-шараның жалғасында ақынның өлеңдері мен қара сөздері орыс және мемлекеттік тілдерде оқытылды. Рота қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Тілеген Өмір Русланұлы өз сөзінде Абайдың тәлім-тәрбиесімен әрбір адамның «Ерік, жүрек, ақыл» болса, табысқа жететінін айта келе, ұлы ақынның музыка саласында ұланғайыр мұра қалдырғанына тоқталды, ал әскери бөлім сарбаздары «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап, әріптестеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында «Ұлт мұрасы – Ұлы Абай» атты кітап көрмесіне ақын шығармашылығын, Абай дәуірін сипаттайтын қойылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды.