Халықтың рухани тірегі

14 тамызда «Строительный» кітапхана-филиалында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Халықтың рухани тірегі» атты жеке көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде ұлттық тәрбие мен дүниетаным, адамгершілік пен құқық мәселелерін көтеретін ұлы ағартушының «Қара сөздері», сонымен қатар ақынның өлеңдері мен аудармаларымен таныстыратын, академик Қ. Матыжанов пен Қ. Мәдібаеваның үш томдық жинақтары ұсынылған.
Ұлы ақынның шығармашылығымен танысуға шақырамыз!