2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен мәдениет және спорт министрлігі «Парасат жолы» жобасын құрды. Жобаның негізгі міндеті – қоғамда құндылықтарды, ұлттық мәдениет пен руханиятты қалыптастыру.
Н. Островский атындағы ОҚК оқу залында «Парасат жолы» жобасы аясында, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатпен таныстырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық үшін жүктелетін жауапкершілік туралы баяндайды, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажеттігін аңғартады, барлық азаматтарды аталмыш қоғам індетіне қарсы тұруға шақырады.