12 тамыз күні Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанайдың 145 жылдығына орай «Менің жүрегім осында жазылған» атты поэтикалық сағатын оңалту орталығында ұйымдастырды.
Әрбір қостанайлық ақынында өз Отанына және туған қаласына деген сүйіспеншілігі туралы әсерлі және лирикалық өлеңдері бар. Кітапханашылар қазіргі ақындардың шығармашылығы туралы айтып берді. Жергілікті әдебиетшілердің жаңа поэтикалық жинақтарын ұсынды. Қазақ әдебиетінің классигі, «Қазақстанның халық жазушысы» Ғафу Қайырбеков пен жас талантты ақын Рахат Сейтқанның өлеңдері шырқалды. Қостанай туралы өлеңдер топтамасын Ақылбек Шаяхмет, Александра Суслова, Анатолий Корниенко жазды. Бұл шығармаларды көрермендер қызығушылықпен тыңдады. Барлық өлеңдер біздің қалаға деген жылы сезімді көрсетеді.
Іс-шараға Қостанай облысында танымал әнші Сыздықов Қадыржан және «Жұлдыз» студиясының дарынды дуэті Каканова Розалина, Өскенова Аружан қатысты.