13 тамызда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар үшін табиғат туралы «Бізді қоршаған әлем» атты өлеңдер байқауын өткізді.
Кітапханашылар орыс және қазақ ақындарының жыл мезгілдері туралы өлеңдері мен атақты суретшілердің иллюстрацияларынан тұратын көрмені ұсынып, оқырмандармен бірге табиғат әлеміне поэтикалық саяхат жасады. Қатысушылар Абайдың «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» өлеңдерін, Пушкиннің, Плещеевтің, Тютчевтің, Есениннің, Михалковтың, Исаковскийдің және басқа ақындардың жыл мезгілдері туралы өлеңдерін оқыды. №23 орта мектеп оқушысы София Кистерева байқаудың жеңімпазы болып атанды.