Өз жерім мен достастықта

13 тамызда «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Буревестник» аула клубының балалары үшін «Өз жерім мен достастықта» интеллектуалды ойынын өткізді. Кітапханашы бүлдіршіндерге кішкентай інілерімізге қамқорлық жасау керектігін, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын айтты. Зияткерлік ойын барысында балалар «Күн» және «Кемпірқосақ» болып екі топқа бөлінді. Әр топтың қатысушылары «Табиғаттың ғажайып әлемі», «Өсімдікті тану», «Әр жануардың үйін тап», «Артықты тап» экологиялық викторинасына бар ынталарымен қуана қатысты.
Іс-шара соңында балалар кітапхана қорындағы экология және биология бойынша энциклопедиялық басылымдармен танысты.