Туған қаланың сүйікті орындары

2024 жылғы 13 тамызда «Строительный» кітапхана-филиалында Қостанай қаласының 145 жылдығы қарсаңында «Туған қаланың сүйікті орындары» атты библио-такси іс-шарасы өтті.
Шараға «Оптимист» клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары, кітапхана ісінің ардагерлері қатысты. Шақырылған қонақтар: қостанайлық ақын Шкутко Г.Д., Баян-Сұлу фабрикасының қызметкері Ярошенко Л. В. Қатысушылар қаланың көрнекті жерлеріне: Тың игерушілер ескерткішіне, Н. Островский ат. орталық қалалық кітапханаға, темір жол вокзалына, Жеңіс саябағына қызықты виртуалды саяхат жасады. Аялдамаларда әр объект туралы қызықты деректер тыңдалды, олар «Подруги» ансамблінің орындауындағы өлеңдер мен музыкалық шығармалармен сүйемелденді. Қостанайдың өткені, бүгіні және болашағы туралы естеліктер, пікірлер, тілектер айтылды.
«Сапар» қызықты болды және жағымды, мерекелік көңіл-күй тудырды!