Сүй, арманда, өмір сүр – біздің туған қаламыз, Қостанай!

Бүгін Қала күнін мерекелеу аясында «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханалары бірлесіп мерекелік шара ұйымдастырды.
Жалпы қала бағдарламасы бойынша14 тамыз «Қостанайдың болашағы – балалар» тақырыбында өтіп жатыр. Балаларға бес алаң ұйымдастырылды, олар ойын алаңы, шығармашылық шеберханасы, «Ертегілер елінде» қуыршақ театры, балаларға арналған караоке алаңы, мұнда Отан, сүйікті қала, мейірімділік, достық туралы балалар әндері шырқалады, интерактивті кітап 3D және 4D технологиясымен байытылған кітаптар алаңы ұсынылды. Сонымен қатар кітапханашылар кітап мұқабаларын киіп, визиткаларды таратты, кітаптарды насихаттады, және кітаппен селфи жасады.
Іс-шара қызықты да, тартымды өтті.