Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата заң

2024 жылдың 15 тамызында «Строительный» кітапхана-филиалында оқырмандар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған құқықтық лекторий өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды. Кітапханашы ел Конституциясының пайда болу тарихын және оның маңыздылығын айтып берді. Қатысушылар Республиканың бас Заңының баптарымен танысып, олардың демалуға, денсаулықты қорғауға, жеке бас бостандығына, өмір сүруге құқығы бар екенін білді. «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» атты бейнеролик көрсетілді. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білетіндіктерін көрсетті.
Іс-шара жағымды, мейірімді атмосферада өтті!