28 тамызда «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Конституция бойынша өмір сүру» сұхбат-шолуын өткізді.
Шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Кітапханашылар еліміздің Негізгі Заңының жасалуындағы тарихи алғышарттар туралы айтты. Конституцияның әр тарауының құрылымы мен мазмұнын түсіндірді.
Іс-шараның соңында «Конституция – Қазақстанның бірлігі мен тұрақтылығының кепілі» атты кітап көрмесіндегі кітаптар, альбомдар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.