«Дружба» кітапхана-филиалында Конституция күніне орай «Мемлекеттің негізгі заңы» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Бұл тақырыптық сөреде Қазақстан Республикасының Конституциясы, О. Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» және «Моя страна Казахстан» энциклопедиялары, Г. С. Сапарғалиевтің «Қазақстанның конституциялық құқығы» кітабы, «Қазақстан Республикасы: 20 жыл тыныштық пен гүлдену» монографиясы ұсынылған. Сонымен қатар, мерзімді басылымдардан «Конституциялық бақылаудың қалыптасуы» А. Темербековтің, «Конституция бойынша өмір сүру» профессоры К. Айтхожиннің мақалалары бар.
Барлық оқырмандарымызды тақырыптық сөремен танысуға шақырамыз.