28 тамызда «Дружба» кітапхана-филиалында «Қазақстан Конституциясы уақыт призмасы арқылы» атты ауызша журнал өткізілді. Кітапханашы Конституция дегеніміз не, оның құрылымы қандай, қашан жасалған, оған әр уақытта қандай өзгерістер енгізілген, онда азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері жазылғанын түсіндірді.
Оқырмандар назарына «Еліміздің Негізгі Заңы» тақырыптық сөреден материалдар ұсынылды. Шара «Мен өз елімнің азаматымын» викторинасымен аяқталды.