Шабыт

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы – орамал безендіру бойынша мастер-класс өтті. Іс-шара барысында кітапханашы «Мастерим из подручных материалов», «Шеберлердің сиқырлы қаласы» сериясындағы кітаптарға шолу жасады. Бас киімді түрлі-түсті және сәнді суреттермен қалай безендіру керектігін айтты. Практикалық жұмыс барысында бас киімдерді безендіре отырып, балалар жарқын геометриялық өрнектерді қолданды, қиял мен шеберлікті көрсетті.
Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.