Конституция күнін мерекелеу аясында ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері үшін «Конституция – тұрақты мемлекеттің іргетасы» тақырыптық іс-шарасы өткізілді. «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні!» атты кітап көрмесі дайындалды.
Іс-шара барысында Конституция ел өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік реттеудің шегі мен сипатын белгілейтіні аталып өтілді. ҚР-дағы шекара қызметі мемлекетіміздің аумағының тұтастығының, бөлінбейтіндігінің және қол сұғылмаушылығының кепілі болып табылатынына ерекше назар аударылды.