Ақылдылар

Балаларды оқуға тарту мақсатымен, А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Ақылдылар» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.
Ойын бірнеше турдан тұрды: «Сіздің ойыныңыз», «Жауапты таңдаңыз», «Блиц», «Капитандар сайысы». Қатысушыларға қиын сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің білімдерін, логикалық ойлауын және шектеулі уақытта ерекше жағдайларда шешім қабылдау қабілетін көрсету қажет болды. Барлық байқаулар қатысушылар үшін қызықты әрі тартымды болды. Балалар тапсырмаларды сәтті орындап, өздерінің білім аясын кеңейтті, мүмкіндіктеріне деген сенімділікті нығайта білді.