Мектептің бірінші күні

2024 жылғы 03 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында №25 мектептің мектепалды даярлық сыныбының балаларымен «Книгочей» әдеби үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Кітапханашы балалармен 1-ші мектеп күні туралы әңгімелесті, оларға А. Суслованың «Дорога из школы» өлеңін оқыды. Соңында балалар мектептегі алғашқы әсерлері туралы суреттер салды.