Туған тілім – тұғырым

2024 жылғы 5 қыркүйегінде № 25 мектептің 5 сынып оқушылары үшін «Узкоколейный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Туған тілім – тұғырым» атты сайыс ұйымдастырды.
Іс-шара басында кітапханашы әр ұлттың тілдері туралы айтып берді, қазақстандық ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Алғашқы әріп өзгерсе» өлеңін оқыды. Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде «Кто же самый сильный?» халық ертегісі оқылды. Балалар «Крылатые слова», «Скороговорки», «Подбери слово», «Поставь ударение», «Назови части речи», «Переведи пословицу» байқауларына белсенді қатысты. Іс-шараға «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты тақырыптық сөре дайындалды.