5 қыркүйек күні, Тілдер күніне орай, «Дружба» кітапхана-филиалында «Менің тілім – менің досым» атты қызықты полиглот шоу өткізілді. Кітапханашы мереке, оның тарихы, полиглоттардың кім екендігі, тілдерді білудің маңыздылығы туралы айтты. Ойынға 3 команда қатысты –«Достар», «Полиглотики», «СуперМы». Ойын «Мақал-мәтелдер аукционы», «Халық даналығы», «Армысыздар», «Рифмоплеты», «Тіл бәйге», «Тыйым сөздер», «Капитандар сайысы», «Сұретжұмбақтар» турдан тұрды. Балалар әр турда жеңіс үшін белсене күресті. «Достар» командасы жеңіске жетті. Полиглот шоуы өте қызықты болды және барлығын тілдерді білудің маңыздылығына тағы бір рет көз жеткізді!