А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері Отбасы, махаббат және адалдық күніне арналған «Тату-тәтті отбасымыз» атты отбасылық ойын-калейдоскоп өткізді.
Кітапханашы барлығын мерекемен құттықтап, биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды деп айтып, және Қазақстанда әр жыл сайын отбасы күні белгілі бір ұранмен өтетінін атап өтті.
«Саулықтың жолында – барлық отбасы!» деген ұранмен ойын бағдарламасы өткізілді. Себебі дені сау өмір салтына дайындық өзінен-өзі пайда болмайды, ол адамның балалық шақтан басталады, ең алдымен, ол туылған және тәрбиеленген отбасы ішінен қалыптасады.
Кітапханашы «Өмір салты – денсаулық» кітап көрмесінің библиографиялық шолуын өткізді. Балалар сау өмір салтына, денсаулығына күтім жасауға, шынығуға, спортпен айналысуға, ойын ойнауға көмектесетін кітаптармен танысты. Балалар қызықты эстафеталарға «Қаппен секіруге», «Допты өткізу», «Қасықтағы картоп» және обручпен жүгіруге қатысты. Сондай-ақ «Ромашканы жина» және «Белдік» сияқты қызықты ойындар ойнады. Шара ұйымдастырушылары балалармен бірге қуаныш пен мерекенің атмосферасына батыруға мүмкіндік алды!