Тіл – татулық тірегі

2024 жылғы 05 қыркүйек күні «Западный» кітапхана-филиалында «Озат» МАТЛМИ оқушылары үшін «Тіл – татулық тірегі» атты байқау өткізілді. Кітапханашы тілдің тарихына тоқталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі жарияланғанын атап өтті. Оқушылар төрт кезеңнен тұратын: I кезең – «Бәйге», II кезең – «Полиглот», III кезең – «Ғажайып алаң», ІV кезең – «Жорға» сайыстарына белсенді қатысты.
Іс-шара соңында «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.