Тіл – баға жетпес мұра

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері, Жастар сарайында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – баға жетпес мұра» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің концепциясы 4 бөлімнен тұрды: «Тілдің ғасырлық тарихы», «Тарихта қалған есім», «Тілдердің қауымдастығы – халықтардың бірлігі», «Қазақ тілімен – болашаққа». Қазақ әліпбиі, графикасы, құрылымы мен орфографиясын келешек ұрпаққа мұра еткен А. Байтурсынұлы тұлғасына құрмет ретінде «Тарихтағы есім» атты бөлім ұйымдастырылған.