Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Менің бақытты отбасым» атты оқырман отбасының байқауын өткізді.
Байқауға отбасылар қатысты: Юрьевтер, Ким және Махмудовтар. Іс-шараның басында кітапханашы мерекенің тарихымен таныстырды. Байқау 7 кезеңнен тұрды: «Семейный портрет», «Заморочки в бочке», «Народная мудрость гласит», «Знаю ли я своего ребёнка», «Устами младенца», «Веселые нотки», «Читаешь ты, читаю я, читает вся моя семья!».
Оқырман отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлері мен хоббилері, сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы әңгімеледі. Олар мақал-мәтелдер құрастырды, әндердің аттарын тапты, өлеңдер оқыды.
Іс-шараға қатысушылар байқаудың барлық кезеңдерінде белсенділік пен тапқырлық танытты, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды.