Күзгі ағашты безендіру

2024 жылғы 06 қыркүйегінде «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Күзгі ағашты безендіру» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы балаларды күз туралы әңгімелер мен ертегілермен таныстырды. Балалар ағаш жапырақтарын түрлі-түсті қағаздардың қызыл, қызғылт сары және сары түрлерімен безендірді. Жұмыс нәтижиесі өте қызықты болды, балалар жасаған бұйымдарын қуана үйлеріне алып кетті.