Отбасы – бақытты мекен

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Осы датаға орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Отбасы – бақытты мекен» атты фотобайқауы өтті. Фотокөрме ұйымдастырылды. Кітапханашы отбасының маңыздылығын, отбасында адам халқының тамаша салт-дәстүрінде тәрбиеленетінін айтты. Балалар өз отбасылары, сыйластық қарым-қатынастары, басқалар алдындағы жауапкершілігі, салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.
Сонында, балалар бір-біріне тілектерін айтып, отбасылық суреттерге шолу жасалды.