9 қыркүйекте «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №18 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушылары үшін «Менің отбасым» атты балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараға Қостанай қалалық бейімдеу және отбасын қолдау орталығының психологы Светлана Викторовна Ширина шақырылды, ол балалармен отбасылық құндылықтарды насихаттау туралы әңгіме жүргізді.
Кітапханашы әр адамның өміріндегі отбасының, берік шаңырақтың және адамдарды сүюдің маңыздылығы туралы айтты. Балалар өз жанұяларының суретін салып, отбасы туралы жұмбақтарды оқып, ойлап тапты.
Іс-шара «Отбасы – қуаныш пен шаттық көзі» атты тақырыптық сөреге шолу жасап, «Отбасы – бүкіл әлем» бейнеролигін көрумен аяқталды.