Үлкен әлемге жол ашатын – кітап

2024 жылғы 9 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапхана мен кітаптың алатын орны жайлы түсіндіре отырып, кітапханашылар Қостанай гуманитарлық және Қостанай жоғарғы медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне «Үлкен әлемге жол ашатын – кітап» атты библиодесант ұйымдастырды.
Жастарды кітап оқуға баулу үшін, кітапхана жанында жұмыс жасап тұрған өнерлі жастарға арналған «Тұмар» үйірмесімен жас қаламгерлерге арналған «Жас жалын» шығармашылық студиясы жайлы ақпараттарды студенттер қызығушылықпен тыңдады. Іс-шара соңында тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, сондай-ақ өнерлі жастар «Жас жалын» шығармашылық студиясы мен «Тұмар» өнерлі жастар клубының қатарын көбейтуге ынталарын білдірді. Студенттерге кітапхана туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды. Студенттер болашақта кітапханаға жазылуға ынталарын білдірді.