Еңбек батырлары

2024 жылғы 10 қыркүйегінде «Киевский» кітапхана-филиалында «Еңбек батырлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі ұланғайыр өмірлік тәжірибесі мен көп жылғы еңбек өтілі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болған облысымыздың белгілі тұлғаларының, еңбеккерлеріне арналған.
«Қостанайлықтар – Еңбек Ерлері» кітабында тек Қостанай облысы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің, өзіне және өмірге деген адал көзқарастың нағыз үлгісіне айналған тұлғалар туралы айтылады. «Истории строки» кітабында авторлар қостанайлықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік және еңбек ерліктерін, тың игеру жылдарын жылы сөз етуге тырысты. Бұл кітапта мұрағаттық және деректі дереккөздер, фото-иллюстрациялар пайдаланылады.
Кітап көрмесі оқырмандардың кең ауқымына арналған.