24 жылғы 10 қыркүйекте «Северный» кітапхана-филиалында қарт оқырмандар үшін ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Жолдауын талқылау өткізілді.
Іс-шара барысында Қ.-Ж. Тоқаев қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына ерекше назар аударғаны, әркім біздің елімізде жайлы өмір сүруге тиіс екендігі аталып өтілді. Оқырмандар 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылау барысында бірыңғай медициналық ақпараттық бақылау жүйесін құру, салықтық әкімшілендіру, АӨК дамыту және қолдау, теміржол секторын реформалау, атом электр станциясын салу жөніндегі референдум, әкімдерді сайлау, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, әлеуметтік жаңғырту және экологиялық ағарту мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды.
Сонында қатысушылар Қ.-Ж. Тоқаевқа дана және сауатты Президент ретінде қолдау білдірді.