Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында № 15 ЖМ оқушылары үшін «Станционный» кітапхана-филиалы «Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы» атты бенефис өткізілді. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, жазушы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жазушының шығармаларын ұсынды, әйгілі әңгімелерге қысқаша талдау жасады. Оқушыларға Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша буктрейлер және фильмнен үзінді көрсетілді. Қарап шыққаннан кейін балалар өз пікірлерімен алмасты. Кітапханашы «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесіне шолу жасады.