2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қаларлық күндер күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бүкіл ел болып оқиды.
Осы іс-шара аясында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері №13 мектеп оқушылары үшін «Сөйлейтін кітап күні» атты әдеби карнавалын өткізді. Кітапханашы акцияның шығу тарихымен таныстырып, биыл көпшілік оқуға «Менің атым Қожа» повесі таңдалғанын атап өтті.
Соңында жазушының басқа да шығармалары ұсынылды.