Халықтың дара жазушысы

2024 жылғы 26 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК кітапханашылары Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Халықтың дара жазушысы» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға ҚЖМК студенттері және Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПИ-ның қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенттері қатысты. Атақты жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев жайлы бейнебаян және жазушының «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетілді. «Тұмар» өнерлі жастар клубының мүшелері Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан монолог оқып, күй тартып, мың бұрала би билеп, Алаштың аяулы ақын-жазушыларының құнды ой-пікірлерін нақышына келтіре айтып тындаушыларды тәнті етті. Кітапханашылар «Халқы сүйген қаламгер» Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын баяндайтын дəстүрлі кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.