Жас – жастың тілегі бір

2024 жылғы 27 қыркүйекте «Строительный» кітапхана-филиалында мейірімділік пен құрмет күні қарсаңында, «Активное долголетие» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас – жастың тілегі бір» атты іс-шара өткізілді.
Қатысушылар «Оптимист» кітапхана клубының мүшелері және шағын аудан тұрғындары болды. «Строитель» ықшамауданының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы И. В. Коломиец жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. Қостанайлық ақын Шкутько Г. Д. өз шығармасынан өлең оқыды. Кітапханашылар түрлі-түсті презентация, «Алтын ғасыр» кітап көрмесін, ән мен әдеби байқаулар мен викториналар дайындады. ЧелМУ Қостанай филиалының студенттері музыкалық-би көріністерін көрсетті. «Подруги» ансамблінің солистері жаңа лирикалық бағдарлама дайындады.
Іс-шарадағы қарым-қатынас жиналғандарға мерекелік көңіл-күй, сергектік пен оптимизмнің оң зарядын тудырды!