Еңбек еңсені көтереді

27 қыркүйекте «Северный» кітапхана-филиалында тұрақты оқырмандар үшін «Еңбек еңсені көтереді» атты талқылау сабағы өткізілді. Жүргізуші балалармен мамандық таңдау туралы әңгіме өрбітті. Шараның негізгі бөлігінде қолөнер және суреттер байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.
Шара соңында «Еңбек – өмір ұстазы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.