Кітап – сарқылмас рухани қазына

2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қаларлық күндер күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бүкіл ел болып оқиды.
Осы шара аясында кітапхана қызметкері «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты дауыстап оқулар өткізді.
Кітапханашы акцияның шығу тарихымен таныстырып, биылғы жылы көпшілік оқу үшін «Менің атым Қожа» повесі таңдалғанын атап өтті. Қорытындылай келе, автордың басқа да еңбектері таныстырылды.